Алматыда ҚР президенті мен НАТО-ның бас хатшысы жүздесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ҚР президенті мен НАТО-ның бас хатшысы жүздесті

Алматыда ҚР президенті мен НАТО-ның бас хатшысы жүздесті

Бүгін, 10-шілдеде Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев НАТО-ның бас хатшысы Джордж Робертсонды қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы ынтымақтастықты болашақта дамыту мүмкіндіктері талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Шiлде 2003
  • 512
Фото - Caravan.kz

Журналистерге арналған қысқаша баспасөз мәслихатында Дж.Робертсон Қазақстан мен НАТО арасындағы байланыстың беки түскенін хабарлады. Оның айтуынша, НАТО үшін қазір Орталық Азия тақырыбы басымдық берілген мәселелелердің біріне айналып отыр. «Орталық Азия республикалары мен НАТО-ның мақсат-мүддесі бір , тізе қосып күресетін жауы да ортақ- ол лаңкестік»,- деді бас хатшы.

«Бүгінгі таңда Қазақстан Еуроатлантикалық серіктестік жөніндегі кеңестің белсенді мүшесіне айналды. Сол себепті бүгін мен Қазақстанды, ҚР президенті мен парламентті Иракта бейбітшілік орнату миссиясын мемлекет тарапынан қолдағаны үшін құттықтағым келеді»,- деп атап көрсетті Дж.Робертсон.
«Біз терроризм мен экстремизм қанат жая бастаған қатерлі әлемде күн кешіп отырмыз. Сол себепті өз басым НАТО мен Қазақстан арасында қалыптаса бастаған оңды қарым-қатынастар дүниежүзілік ахуалды тұрақтандыруға септігін тигізеді дегенге сенімім зор»,- деді НАТО-ның бас хатшысы.

Соңғы жаңалықтар