Алматыда ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 10-жалпы отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 10-жалпы отырысы өтеді

Алматыда ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 10-жалпы отырысы өтеді

6-желтоқсанда Алматыда ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 10-жалпы отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі "Қазинвест" орталығынан хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 694
Фото - Caravan.kz

Отырыста сондай-ақ, «2003-жылғы Қазақстандағы ең таңдаулы шетелдік инвестор» байқауының жеңімпазын марапаттау салтанаты өтеді.

Осындай байқау өткізу туралы шешім 2002-жылғы желтоқсанда шетелдік инвесторлар кеңесінің 8-жалпы отырысында қабылданған. Бұл байқауға республика аумағында әскери техника, темекі және спиртті ішімдіктер өндіру, сондай-ақ, мұнай өндіруші және сауда-саттық саласынан басқа түрлі экономикалық салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы, шетелдердің үлесімен құрылған компаниялар шақырылады.
2003-жылғы Қазақстандағы ең таңдаулы шетелдік инвестор атағы биыл өңдеу өнеркәсібі, өндірістік инфрақұрылым, энергетика, авиатасымал, азық-түлік өнеркәсібі, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, сервистік қызмет көрсету, қаржылық сектор және телекоммуникациялар тәрізді номинациялар бойынша беріледі.
Байқау жеңімпаздарының арасында «Mұнай Тас» Солтүстік-батыс құбыр компаниясы, «AES Екібастұз», «Эйр Астана», «GSM Қазақстан, «Қазақтелеком» ААҚ, «Туркуаз Эдибл Ойл Индастриз», «Кока-Кола Алматы Ботлерс», «ЮСКО Интернэшнл» ЖАҚ, «Тойота Цушо Бутя», «AБН АМРО Банк Қазақстан» сынды ірі компаниялар бар.
Жеңімпаздарды іріктеудегі басты критерийлер ретінде беделіне ешқандай кіршік түспегендігі, ашықтығы мен қызметтегі жариялылығы, болашақ дамуына сенімділік, экспортқа бағытталған өндірістерге тікелей инвестиция құйғандығы, әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесі, жұмыс орындарын құру және оны сақтау жағдайы, қазақстандық мамандарды шетелдерде оқытуы, мемлекеттік бюджет алдында берешегінің жоқтығы тәрізді шарттар қойылады.
«2003-жылғы Қазақстандағы ең таңдаулы шетелдік инвестор» байқауының жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлармен тікелей диалог орнату, инвестициялық іс-қызметке байланысты өзекті проблемаларды жедел шешу үшін құрылған. Ол кеңестік-консультативтік орган. Шетелдік инвесторлар кеңесін президент басқарады, ол кеңес қызметіне басшылық жасап, күн тәртібін бекітумен бірге кеңес отырыстарына төрағалық жасайды.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында салық салу, заңнамалық мәселелер, шетелдік инвесторлардың ағымдағы іс-қызметімен және ҚР-ның инвестициялық имиджін арттыру жұмыстарымен айналысатын бірлескен төрт жұмыс тобы бар.
ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің ҚР-ның инвестициялық имиджін арттыру жұмыстарымен айналысатын бірлескен жұмыс тобының құрамына қазақстан жағынан ҚР СІМ, ІІМ, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, көлік және коммуникация министрлігі, кедендік бақылау агенттігі, туризм және спорт агенттігі, индустрия және сауда министрлігінің инвестиция жөніндегі комитеті, ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі «Қазинвест» орталығы, «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның өкілдері кіреді. Шетелдерден бұл жұмыс тобына «АБН АМРО Банк Қазақстан», «БиДжи (Бритиш Газ) Интернэшнл», «БАЕ Системс», «Самсунг Дойчланд Гмбх», «ДБ Секьюритиз Қазақстан» ААҚ, «Мицубиши Корпорэйшн» өкілдігінің өкілдері қамтылады.

Соңғы жаңалықтар