Алматыда ҚР Президенттігіне кандидат Ғ.Қасымовты қолдауға арналған концерт болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ҚР Президенттігіне кандидат Ғ.Қасымовты қолдауға арналған концерт болып өтті

Алматыда ҚР Президенттігіне кандидат Ғ.Қасымовты қолдауға арналған концерт болып өтті

Алматыдағы Студенттер сарайында Қазақстанның патриоттар партиясы атынан сайлауға түсетін, сенатор, ҚР Президенттігіне кандидат Ғани Қасымовтың «Алматы - менің алғашқы махаббатым!» атты қайырымдылық концерті болып өтті.

  • 28 Наурыз 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

Үміткерді қолдауға арналған концертке әр түрлі жастағы қала тұрғындары, оның достары, патриоттар партиясының мүшелері, қазақ эстрадасында жүрген әртіс-достары қатысты.

Кеш музыканы бағалаушылар мен нағыз достардың кездесуі болды. Жиналған қауымға танымал әншілер Толқын Забирова, Қайрат Түнтеков, Еркеш Шәкеев өз өнерлерін көрсетті. Концертке сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері қатысты.

Ғани Қасымов концертке келіп, қолдау білдірген барша қауымға алғысын білдіріп, сайлауда өзі таңдаған кандидатына дауыс беруге шақырды.

Перейти к новостям спорта