Алматыда ҚР Қарулы Күштері бас штабының төрағасы М.Сапаровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ҚР Қарулы Күштері бас штабының төрағасы М.Сапаровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткізілді

Алматыда ҚР Қарулы Күштері бас штабының төрағасы М.Сапаровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткізілді

Бүгін, 20-маусымда Алматыдағы офицерлер сарайында ҚР Қарулы Күштері бас штабының төрағасы М.Сапаровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткізілді.

  • 20 Маусым 2003
  • 478
Фото - Caravan.kz

Рәсімге ҚР қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштері бас штабының басшылығы, еліміздің күш құрылымдары мекемелерінің басшылары, ҚР үкіметінің мүшелері, Алматы басшылығы мен шетелдік елшілік өкілдіктерінің әскери атташелері қатысты.

Қаралы жиында ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев жиналғандар алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен үкімет басшысы Даниал Ахметовтың көңіл айтқан жеделхаттарын оқып берді.
Жиын аяқталғаннан кейін қаралы колонна Мәлік Сапаровтың туған жері — Алматы облысы талғар ауданының Қызылту ауылына бет түзеді. Генерал-лейтенант сол жерде жерленеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, генерал-лейтенант М.Сапаров 19-маусымға қараған түні жүрегі тоқтау салдарынан қайтыс болды.
Мәлік Сапаров 1958-жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматыдағы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.Фрунзе атындағы Әскери академияны және Ресей Қарулы күштері бас штабының Әскери академиясын бітірген.
1998-жылы ҚР Қарулы күштері жалпы мақсаттағы жауынгерлік күштерінің штаб бастығы әрі қолбасшының орынбасары болып тағайындалды. Ал 1999-жылдан бері ҚР Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары, 2001-жылдан бері ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы әрі ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болды.
Қорғаныс министрлігінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, ҚР Қарулы Күштерінің бас штабында қызмет еткен мерзімде М.Сапаров өзін кәсіпқой генерал ретінде көрсете білді, әсіресе оның әскери қолбасшылық дарыны штабты басқарған тұста тіптен кемеліне келді ,- делінген көңіл айту хабарламасында .

Соңғы жаңалықтар