Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Музыка қайраткерлері одағы төрағасының орынбасары Әльфия Байжанова мәлімдеді.
«Өнеріміз саған — Қазақстан» деп аталатын бұл фестивальде этникалық топтардың өкілдері тек қазақ билерін билеп, қазақ әндерін шырқайды. Сонымен қатар, қазақ композиторларының да шығармаларын орындайды. Фестивальдің басты мақсаты — Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтар арасында қазақ халқының мәдениеті мен өнерін насихатту» — деді Ә. Байжанова.
Фестивальдің құрметті қонағы — Қазақстанның халық әртісі Лаки Кесоглу.
«Сондай-ақ фестивальге этномәдени орталықтардың этникалық топтарының белгілі өнерпаздары Янис Кайфиди (вокал), Василиса Муромцева (домбыра), Георгий Югай (домбыра), Айдана Садықова (вокал), Фуат Маликов (домбыра) және Қалбинұр Разиева (вокал) қатысады — деді ол
Салтанатты шараны Қазақстанның Музыка қайраткерлерінің одағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдаумен ұйымдастырып отыр.