Алматыда ҚР Ұлттық инженерлік академиясы жалпы жиналысының сессиясы өтеді
Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы жалпы жиналысының сессиясы өтеді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. |
Еліміздегі ірі және беделді ғылыми-инженерлік зиялы қауымның осы басқосуында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивтік дәрісінде алға қойған міәндеттерге сәйкес Академия қызметінің маңызды мәселелері қаралады.
Сондай-ақ сессияда Ұлттық инженерлік академияның жаңа толық мүшелері (академиктері) мен мүше-корреспонденттері сайланады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін