Алматыда «ҚР: жетістіктер және болашаққа көзқарас» атты конференция өтеді
Қазақстан 20 жыл ішінде қандай жетістікке жетті. Осы және басқа да өзекті мәселелер 14 маусым күні Алматыда өтетін «Қазақстан Республикасы: жетістіктер және болашаққа көзқарас» IX дәстүрлі конференция барысында талқыланады. |
Атап айтқанда, ішкі саяси тұрақтылық, қазақстандық қоғамды әлеуметтік және саяси қайта жаңғырту, мемлекеттің индустриялық-инновациялық даму мәселесі сараланады. Қазақстандық және әлемнің беделді сарапшылары бас қосатын жиында Қазақстанның XXI ғасырдағы дамуы, экономиканы қайта жаңғырту, мемлекет дамуының проблемалары мен болашағы да басты назарда болмақ. Конференция аясында "Тәуелсіздікке 20 жыл" атты ұжымдық монографиялық еңбектің тұсауы кесіледі.
Дәстүрлі конференцияның ұйымдастырушылары - Алматы әкімдігі мен ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты, "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін