Жарияланды: 590

Алматыда ҚР Жоба менеджерлерінің одағына мүше ұйымдардың уәкілетті өкілдерінің біріккен жиналысы өтеді

14-қаңтарда Алматыда ҚР Жоба менеджерлерінің одағына мүше ұйымдардың уәкілетті өкілдерінің біріккен жиналысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Жоба менеджерлерінің одағынан хабарлады.

ҚР Жоба менеджерлерінің одағы Алматы қалалық әділет басқармасында 2003-жылдың 27-қарашасында тіркелген. ҚР Жоба менеджерлері одағының құрылтайшылары арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, "АльПари" ЖАҚ, "Ақпараттық технологиялар рыногына қатысушылардың Қазақстандық қауымдастығы" қоғамдық әділет лигасы, "Алматы сауда палатасы" Қоғамдық бірлестігі, "Халықаралық ақпараттандыру академиясы" қоғамдық бірлестігі, "Консалтинг, инжиниринг, экоаудит және жобалау" ЖШС, "Қазақстан Республикасының аудиторлары палатасы", "Орта Азиялық тау-кен өнеркәсібі одағы" тәрізді ұйымдар мен компаниялар, жоғары білім ошақтары бар. Одақтың басты мақсаты жобаларды басқару үрдісін еліміз экономикасының әр саласындағы кәсіби қызметті басқарудың қуатты құралы ретінде пайдалану, жобаларды бақару саласындағы кәсіби біліктілікті жетілдіру және оған оқыту, басқарушы кадрлардың білімін шыңдау және оларды дайындау саласындағы ұлттық білім беру бағдарламаларының жобасын жасау, қолданысқа енгізу және дамыту, жоғары оқу орындарының оқыту бағдарламасына жобаларды басқару мамандығы бойынша кадр дайындау туралы өзгерістер енгізу болмақ. Сондай-ақ, қауымдастық қазақстандық жобалаушы кәсіпорындарды халықаралық ISO 10005, ISO 10006 стандарттары бойынша сертификаттауға ықпал жасауды, басқару саласындағы ғалымдар мен практиктер арасында байланыстар орнатуға түрткі болуды межелеп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін