Алматыда қуатты жер сілкінісінің зардаптарын жоюға бағытталған командалық -штабтық оқу-жаттығулар өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қуатты жер сілкінісінің зардаптарын жоюға бағытталған командалық -штабтық оқу-жаттығулар өткізілуде

Алматыда қуатты жер сілкінісінің зардаптарын жоюға бағытталған командалық -штабтық оқу-жаттығулар өткізілуде

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Алматы мен Алматы облысының бірқатар аудандарында "Алатау-2006" атты республикалық командалық -штабтық оқу-жаттығулар басталды. Онда мемлекеттік жүйенің қуатты жер сілкінісінің зардаптарын жоюға бағытталған іс-әрекеттері пысықталады, деп хабарлайды төтешне жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 520
Фото - Caravan.kz

Оқу-жаттығулар төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмахановтың басшылығымен өткізіледі.

«Оқу-жаттығулардың тақырыбы — басқарушы органдарды Алматы мен Алматы облысының бірқатар аудандарында болуы мүмкін қуатты жер сілкіністеріне байланысты төтенше жағдайлардың залал-зардаптарын жою міндеттерін атқарып шығуға дайындау»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Оқу-жаттығуларға республикалық және шұғыл-құтқарушы отрядтардың құтқарушылары, «Қазавиаспас» РМК, өртке қарсы күрес қызметі, ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімшелерінің құрамы жұмылдырылып, автокөліктер мен арнаулы техникалар тартылады.

Оқу -жаттығуларға сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы билік органдары, облыстар мен Алматы және Астана қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі комиссиялары, республикалық және облыстық азаматтық қорғаныс қызметтері, халықаралық ұйымдар және басқа да мекемелер қатысады.

Оқу-жаттығулар 23-қыркүйекке дейін созылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта