Қазіргі уақытта ТМД елдерінен заңсыз келген 644 адам мен алыс шетелдерден келген 110 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
«Заңсыз жүрген азаматтар негізінен құрылыс нысандарында жұмыс істейді. Әкімшілік тәжірибеге сәйкес, компанияларды Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 395-бабы бойынша жазалайды. Кеше «Құрауқұрлыс» ұйымына заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 300 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салынды»,-деді М. Күзембаев.
Сонымен қатар, іс-шара барысында ТМД елдерінің 295 азаматы мен үш шетелдік -Түркияның бір азаматы мен Қытай Халық Республикасының екі азаматы аты-жөнін анықтау үшін Алматы қаласындағы қабылдап- таратқышқа қамалды, деп түсіндірді көші-қон полициясының басқармасындағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті