Жарияланды: 590

Алматыда құрамында жеміс шырыны бар сусындар шығаратын жаңа өндіріс орны ашылды

Жақында «ОБИС компаниясы» ЖШС ыстықтай құю жолымен, шырынды сусындар шығаратын жобаны қолға алып, іске қосты. Жаңа өндіріс орнының ашылуына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Жобаның жалпы құны - 3 миллиард 326 миллион теңге. Германияның KRONES компаниясынан әкелінетін өндірістік қондырғылардың инвестициялық құны - 916 млн. теңгені құрайды. Инфрақұрылымды дамытуға, электрмен және газбен жабдықтауға 2 млрд. 410 млн. теңге қаражат бөлінген. Жабдықтың жобалық қуаты - жылына 28 млн. литр, яғни өндіріс орны сағатына 12 мың бөтелке шығармақ. Аталмыш компания 1995 жылы құрылған. Ол негізінен түрлі сусындар мен балалар ішетін табиғи шырындар шығарады. 2010 жылы оның өндіріс көлемі 56 млн. 683 мың 334 литрді, ал үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында 23 млн. 063 мың 270 литрді құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін