Орталық музейде ұйымдастырылып отырған көрменің негізгі мақсаты – 30-40 жылдары құрбан болған зиялы қауымның азаматтық тұлғасымен таныстыру, өзге де дара тұстарын өскелең ұрпаққа насихаттау. Көрмеге Орталық музей қорындағы І.Жансүгіровтың, С.Сейфуллин, Б.Майлиннің жеке кешендеріндері, сонымен қатар замандастары – Т.Рысқұлов, С.Қожановтың мұрағаттан алынған материалдары қойылады, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, келушілер назарына сол жылдардағы зиялы қауымның жұмыс кабинетінің көрінісі мен С.Сейфуллиннің жеке мөрі, алтын сағаты, портсигары, сакваяжы және тағы басқа заттары ұсынылады.
2020 жылдың 9 қаңтарына дейін жалғасатын көрмені ҚР Президентінің архиві, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты және "Ғылым Ордасы" Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырады.