Алматыда құрылыс материалдарын шығаратын цех өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құрылыс материалдарын шығаратын цех өртеніп кетті

Алматыда құрылыс материалдарын шығаратын цех өртеніп кетті

Алматыда ауқымы ат шаптырым жерді алған алапат өрт болды. Құрылыс материалдары сақталған цех тұтанып бірнеше сағат бойы өрт сөндірушілерге бой бермеген. Қаза тапқандар жоқ, бірақ үлкен ғимарат түгі қалмай өртеніп кетті.

  • 31 Қазан 2012
  • 321
Фото - Caravan.kz


Қызыл жалын туралы алғашқы ақпар кешкі 6-да түсіпті. Дереу өрт ошағына 19 арнайы техника жіберілген. Бірақ қанша жедел жеткенімен өртті бірден ауыздықтау мүмкін болмады. Сыр, басқа да пластмасса заттардан бөлінген иіс пен қою қара түтін өрт сөндірушілерді әбден тығырыққа тірепті. Тек арнайы бетперделер арқылы өртке жақындай алған. Десе де цехтың түгі қалмай күлге айналды. Жалпы өрттің аумағы 800 шаршы метр. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы тұжырым — өрт электр сымдарының тұйықталуынан тұтануы мүмкін.