Төбелес салдарынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 2021 жылғы 5 маусымда сағат 20:20 шамасында болған.
"Медеу ауданының полиция басқармасына Құлжа трактінің бойындағы тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде жалдамалы жұмысшылар арасындағы төбелес салдарынан ер адам есінен танғаны туралы хабарлама түсті.
Полиция қызметкерлері 1984 жылы туған азамат Х. Вася есімді әріптесімен бірге жоғарыда айтылған мекен-жайда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқанын анықтады.
Сол күні ер адамдар алкогольдік ішімдіктер ішкен. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде азамат Х. әріптесіне бірнеше рет жарақат салған, қаза тапқан адамның кім екені анықталып жатыр", — деп хабарлады Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.