Жарияланды: 370

Алматыда құрылысшылар вагончигінде өрт шығу салдарынан бір адам мерт болып, бір адам жараланды

Алматының Түркісіб ауданында 8-желтоқсан күні 2 сағат 42 минутта №655А теміржол тұйықталымында аумағы 20 шаршы щақырымдық алқапты иемденіп жатқан құрылысшылар вагончигі өртенді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, өртті сөндірген кезде қаза тапқан еркектің мәйіті табылды. Сондай-ақ, күйікке шалдыққан 1971-жылғы бір әйел ауруханаға жатқызылды. Өрт 4 сағат 42 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін