Алматыда құрылысшылар вагончигінде өрт шығу салдарынан бір адам мерт болып, бір адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құрылысшылар вагончигінде өрт шығу салдарынан бір адам мерт болып, бір адам жараланды

Алматыда құрылысшылар вагончигінде өрт шығу салдарынан бір адам мерт болып, бір адам жараланды

Алматының Түркісіб ауданында 8-желтоқсан күні 2 сағат 42 минутта №655А теміржол тұйықталымында аумағы 20 шаршы щақырымдық алқапты иемденіп жатқан құрылысшылар вагончигі өртенді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Желтоқсан 2003
  • 354
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, өртті сөндірген кезде қаза тапқан еркектің мәйіті табылды. Сондай-ақ, күйікке шалдыққан 1971-жылғы бір әйел ауруханаға жатқызылды.

Өрт 4 сағат 42 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар