Алматыда құтқарушылар қар астында қалып қойған туристерді аман алып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құтқарушылар қар астында қалып қойған туристерді аман алып шықты

Алматыда құтқарушылар қар астында қалып қойған туристерді аман алып шықты

Елімізде «Қыс-2015» республикалық оқу-жаттығуы жалғасуда. Төтенше жағдайлар қызметі қыс алдында кәсіби деңгейлерін бір тексеріп, дайындықтарын пысықтап жатыр. Жарыс түрінде өткен биылғы жаттығуда құтқарушылар үш топқа бөлініп, Алатау бөктерінде кім мықтыны анықтады.

  • 7 Қараша 2015
  • 429
Фото - Caravan.kz

Жаттығу «Медеу шатқалында көшкін жүріп, қар астында туристер қалды» деген шұғыл ақпармен басталды. Сондай-ақ, аспалы жол істен шығып, бірнеше демалушы кабина ішінде қалып қойған. Иісшіл иттерін ерткен топ дереу апат орнына кетті. Адамдарды төмен түсіріп, алғашқы көмек көрсету үшін құтқарушыларға 30 минут берілген.

Ал көшкін астында қалған адамды бәрінен бұрын иісшіл ит тапты. Адам өмірі қыл үстінде тұрған мұндай сәтте медициналық көмектің де дер кезінде жетуі маңызды. Ал оқыс жағдайдың алдын алу үшін арнайы зеңбіректер пайдаланылып, қар көшкіні қолдан жасалды. 

Биылғы жаттығудың басты ерекшелігі — оның жарыс түрінде өтуде. Алматының құтқару қызметі, төтенше жағдай департаментінің мамандары мен Шымбұлақ кешенінің қызметкерлері өзара сайысқа түсті. Дайындық осылайша бастан-яқ тексеріліп жатыр.

Ерік Алпысбаев, Алматы қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

-Былтыр он рет қар астында адам қалып қойған. Бірақ жыл санап оқыс оқиғалар саны азайып келеді. Себебі құтқару қызметінің мүмкіндіктері артты. Ал жаттығу дайындықты пысықтай түседі.

Мамандар тарапынан бүгінгі оқу-жаттығу жұмыстарына оң баға беріліп отыр. Дегенмен құтқарушылар туристерге қарапайым сақтық шараларын есте сақтау қажеттігін ескертуде. Яғни өзіңіздің тауға шығып бара жатқаныңызды достарыңыз бен жақындарыңызға алдын-ала хабарлаңыз. Сонымен қатар киімнің жылылығы ғана емес, оның түсі де едәуір рөл атқарады. Ең бастысы өз телефоныңыздың қуатын селфи жасауға емес, қажетті қоңырау жасау үшін қалдырғаныңызжөн.

Соңғы жаңалықтар