Алматыда қылмыскерлер сатушыны талдырып, азық-түлік дүкенін тонап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қылмыскерлер сатушыны талдырып, азық-түлік дүкенін тонап кеткен

Алматыда қылмыскерлер сатушыны талдырып, азық-түлік дүкенін тонап кеткен

Алматы полициясы азық-түлік дүкенін тонаушыларды «ізін суытпай» ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 17 Тамыз 2015
  • 478
Фото - Caravan.kz


Кешкі тоғыздарда дүкен ішінде ешкімнің жоқтығына көз жеткізген соң екі ер адам сатушыны таяқпен ұрып талдырған. 
«Қарақшылар кассадағы 30 мың теңгемен қоса əйелдің 5 алтын бұйымын сыпырып алған. Есін жиған сатушы тез арада полицияға хабарлаған. Жүргізілген жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктілер ұсталды»,- деді Жетісу аудандық ІІБ басшысы Рамиль Түсіпов. 
Күдіктілердің екеуі де ОҚО тумасы болып шықты. Алматыға табыс табу мақсатымен келген. Олар бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Қазір күдіктілер қамауға алынды. 
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар