Алматыда Қырғызстан азаматынан 1 кило героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қырғызстан азаматынан 1 кило героин тәркіленді

Алматыда Қырғызстан азаматынан 1 кило героин тәркіленді

Алматы қалалық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 1 кило героинмен Қырғызстан азаматын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан бүгін, 25-ақпанда хабарлады.

  • 25 Ақпан 2005
  • 325
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақапаратына сәйкес, тәртіп сақшылары «Сайран» автобекетінің маңында шұғыл-профилактикалық шара өткізген. Шара барысында бір күдіктіден ішінде ұнтақ заты бар бума табылды. Сараптама қорытындысы көрсеткеніндей, бумада 1 кило героин болған.

36 жастағы Бішкек тұрғынының айтуынша, ол есірткіні Алматыға тұтыну үшін әкелген. 8 жылдан бері нашақорлар санатындағы жігіт Алматыға жұмыс іздеп келдім депті.