Алматыда Қырғызстан азаматынан 1,6 кг героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қырғызстан азаматынан 1,6 кг героин тәркіленді

Алматыда Қырғызстан азаматынан 1,6 кг героин тәркіленді

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 35 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады. Тінту кезінде одан героинге ұқсас зат табылып тәркіленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Тамыз 2005
  • 451
Фото - Caravan.kz

Химиялық сараптама қорытындысы дорбадағы заттың 1,6 кг героин екенін көрсетті.

Тұтқын бейтаныс біреу тауарды Алматыға жеткізіп бергені үшін 300 доллар төлеуге уәде еткенін, дорбадағы заттың не екенін білмегенін жеткізген.
Қырғызстан азаматының үстінен есірткі затын елімізге контрабандалық жолмен әкелгені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта