«Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздеу шарасы барысында Қырғызстаннан келген екі кәсіпкер әйелдің жалданбалы пәтеріне қаңтардың басында қарақшылық шабуыл жасаған Алматы облысының екі тұрғынын ұстады», — деп ол бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Ұсталғандардың бірі зардап шеккендермен бірге бұрын Алматының тауар сататын базарында жұмыс істегені анықталды. Қыздар қолма-қол ақшаны үйде ұстайтынын білетін ол қасына үш сыбайласын ертіп, олардың үйіне алдап кірген де, аяқ-қолдарын скотчпен матап, қорқытып ақша талап еткен.
Олар екі мың АҚШ долларын, жеке куәліктер мен ұялы телефондарын алып, іздерін суытқан.
Шабуыл жасағандар тұтқындалды, қалған сыбайластары іздестірілуде.