Көрме » Бәрі де жылқы шаруашылығы және жылқы спортының игілігіне арналады» , «Малшаруашылығын арнаулы қамтамасыз ету жүйесі» атты екі бөлімнен құралады.
«Тайбурыл -2003» көрмесінің «Малшаруашылығын арнаулы қамтамасыз ету жүйесі» атты бөліміне асыл тұқымды жылқы өсірумен, жылқыға арнап жем-шөп дайындап сатумен, витаминді -минералды қоспалар және мал дәрігерлік препараттар өндірумен, сондай-ақ, малшаруашылығы үшін арнаулы техника жасау және сатумен айналысатын ұйымдар өз өнімдерін көрермен назарына ұсынады.
Ал » Бәрі де жылқы шаруашылығы және жылқы спортының игілігіне арналады» деген бөлімге мал төресі — сұлу арғымақтар қатысатындықтан шараның ең бір елеулі тұсы болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайының алаңында таза қанды мініс жылқысы, араб тұқымдастар, ахалтеке тұқымдастар, Қостанай, Мұғалжар, Қошым тектес тәрізді жылқының сан алуан асыл тұқымдары арасында чемпионат өтпекші. Бұл чемпионатта Бүкілресейлік жылқы шарушылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен Қазақстандық атбегілер ең таңдаулы жылқы тұқымдарын таңдайды. Қазақстандық және шетелдік спортшылар арасында атқа міну өнерінен сайыс ұйымдастырылады.
Көрме аясында жалпы малшаруашылығын, соның ішінде жылқы шаруашылығын дамыту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізіледі. Сондай-ақ, мал шаруашылығы және мал дәрігерлік ғылым саласында еңбек ететін ғалымдар мен практиктер көрме аясында ұйымдастырылатын бас қосулар мен мастар-класстарда өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 1 млн. жылқы бар. Жылқы саны негізінен табиғи жайылымдарды жыл бойы пайдалану арқылы табындық жылқы шаруашылығын дамыту негізінде өсіп отыр. Қазақстан косметикалық өнім өндіруде, диеталық және балалар тағамында кеңінен қолданылатын таңғажайып емдік өнім- табиғи қымыз өндіру жағынан ТМД елдері арасында жетекші елге саналатыны белгілі. Ал жылқы етін өндіру тұрғысында Қазақстан дүниежүзінде Мексика мен Қытайдан кейінгі үшінші орынды еншілейді.