Алматыда қыркүйек айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 22 202 теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қыркүйек айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 22 202 теңгені құрады

Алматыда қыркүйек айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 22 202 теңгені құрады

Алматыда биылдың қыркүйек айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері орта есеппен жан басына шаққанда 22 202 теңгені құрады. Бұл туралы Алматы қаласының статистикалық департаментінен хабарлады.

  • 7 Қазан 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz


Күнкөрістің ең төменгі деңгейі әдеттегідей қыркүйек айындағы негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын есептеу арқылы алынды. Бұл көрсеткіш өткен шілде айымен салыстырғанда 0,1 пайызға, ал 2013 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 6,7 пайызға өсті. 

Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға кеткен шығындардың үлес салмағы — 20,3 пайызды, май мен тоң май сатып алу — 3,4 пайызды, сүт, жұмыртқа және ірімшік сатып алу — 12,7 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер сатып алу  — 2 пайызды, көкөніс пен жеміс-жидектер сатып алу — 12,2 пайызды, балық сатып алу — 2,1 пайыз, нан өнімдері мен жарма өнімдерін сатып алу — 7,3 пайызды құрады.