Азия ойындары Алматы дирекциясының директоры Сұлтанмахмұт Шоқпытовтың айтуынша, бағдарламаның жасалуына ресейлік мамандар қатысқан. «Ресейде еріктілік қызметі жақсы дамыған, сондықтан бағдарламның жасалуына ресейліктер атсалысып отыр. Бағдарламаның мақсаты Азия ойындарына қатысушы еріктілерді тиянақты дайындықтан өткізу. Өйткені шараның сәтті өтуіне олардың да үлесі мол. Мәселен, әуежай, ақпараттық орталықтар, қонақтар мен спортшылардың тұрақ орны, тамақтануы, қаланы аралату, аудармашылық қызмет еріктілерге жүктеледі», дейді С.Шоқпытов.
Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама аясында жаз кезінде 50 ерікті студент оқытылады. Оларға елтану, Азия елдерінің тарихы, саясаты мен экономикасы, моральдық және психологиялық дайдындық, пиар мен брендинг сынды сабақтар өткізіледі. Бағдарламаны жасаған ресейлік мамандар еріктілердің бұл үлкен шараға қатысуы болашақ қызметін айқындауға де септігін тигізуі мүмкін дейді.