Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәдениет апталығының бағдарламасы аясында «Жаңа ғасыр, жаңа Шыңжан» атты көрме ұйымдастырылады. Шара шеңберінде фотокөрме, ұлттық-этнографиялық мұрағаттар мен қолжазбалар көрмесі өтеді. Сондай-ақ, Шыңжан ән-би ансамблінің концертін ұйымдастырып, Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының киноапталығын ашу көзделген. Онда қытай кинотүсірушілерінің жаңа көркем фильмдерінің көрсетілімі өтеді.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында «Қытай мен Қазақстанның қазіргі заманғы экономикалық және мәдени дамуы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.