Алматыда қыз алып қашқандар жұрттың жағасын ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қыз алып қашқандар жұрттың жағасын ұстатты

Алматыда қыз алып қашқандар жұрттың жағасын ұстатты

Инстаграм әлеуметтік желісіндегі qazpress парақшасына жүктелген «қыз алып қашу» туралы видео жұрттың жағасын ұстатты.

  • 1 Наурыз 2017
  • 908
Фото - Caravan.kz

Онда бәзбіреулер жас қызды көліктен күштеп алып шығып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Видеодан көргеніміздей, басына ақ орамал тартқан әже, қасында бір-екі ер адам бар, бір қызды күштеп көліктен шығара алмай әлек. Қарсыласқан қыз көліктен шықпай, «мама» деп айқайлап жатыр.

Әрілі-берілі өткен көліктердің мемлекеттік нөміріне қарасақ, оқиға Алматы қаласында орын алғанға ұқсайды.

Осы видеоның астына пікір жазандар ескіден қалған дәстүрді ұстанатындар әліде бар екен-ау деп таңғалуда. Тіпті, наразылық білдіріп, видеоға түсірген жігіттің өзін «түсіргенше, көмектеспейсің бе?!» деп айыптап жатыр.

«Алла сақтасын,қайдағы дәстүр?! Барып турған жабайылық! Бұндайларға заң қолдану керек!», — депті пікір жазушылардың бірі.

Пікір білдіргендердің арасында «қыз алып қашуды заңдастыру керек» деп есептейтіндер де бар.