Алматыда қызды қорғауға талпынған жүргізушіні үш бұзақы соққыға жығып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қызды қорғауға талпынған  жүргізушіні  үш бұзақы соққыға жығып өлтірді

Алматыда қызды қорғауға талпынған жүргізушіні үш бұзақы соққыға жығып өлтірді

Алматы қаласында үш бұзақының соққысынан көлік жүргізушісі қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 26 Тамыз 2003
  • 494
Фото - Caravan.kz

25- тамыз күні таңғы сағат 6 шамасында Наурызбай батыр және Гоголь көшелерінің қиылысында жеке тасымалмен айналысып жүрген «Опель-Рекорд» автокөлігін үш жігіт тоқтатқан. Олар өздерімен бірге 20 жасар қызды да автокөлікке күшпен отырғызбақ болған . Қызды қорғауға талпыныс жасаған жүргізуші мен жігіттер арасында төбелес туындады. Соның салдарынан бұзақылардан қатты таяқ жеген автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем машинасы жетіп үлгергенше жан тәсілім еткен.

Қазір осы қылмысқа қатысты Алматы облысының 1, Алматы қаласының 2 тұрғыны тұтқындалып, қалалық ІІББ-ның уақытша тергеу қапасына қамалды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, бұл күні кешкі сағат 22 шамасында тағы бір көлік жүргізушісіне шабуыл жасалды. Алматы облысының 22 жастағы тұрғыны жүргізушіге пышақ тақай қорқытып, «Мазда-626» автокөлігін иемденіп алмақ болған. Күзет полициясының қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасаған жігітті тұтқындап, уақытша тергеу абақтысына қамады. Тергеу амалдары одан әрі жалғасуда.
Жалпы 25-тамызда бір тәулік ішінде Алматыда 35 қылмыс тіркелді. Соның ішінде 2 кісі өлтіру оқиғасы, 2 қарақшылық шабуыл, 7 тонау оқиғасы, 13 ұрлық тіркелді. Осы мерзімде 21 қылмыстың беті ашылды, олардың алтауы бұрын жасалған қылмыстар.

Соңғы жаңалықтар