Алматыда Райымбек батырдың ескерткішін орнату мәселесі осыдан 7 жыл бұрын қолға алынған болатын - Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Райымбек батырдың ескерткішін орнату мәселесі осыдан 7 жыл бұрын қолға алынған болатын - Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов

Алматыда Райымбек батырдың ескерткішін орнату мәселесі осыдан 7 жыл бұрын қолға алынған болатын - Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов

Қазақ жерінің түкпір-түкпрінен халқымыздың қаһарман ұлдарының ескерткішін тұрғызсақ келешек ұрпаққа үлкен бір жақсы дәстүр қалдырамыз. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов бүгін Алматыда Райымбек батыр ескерткішінің ашылу рәсімінде айтты.

  • 7 Желтоқсан 2012
  • 366
Фото - Caravan.kz


«2005 жылы қазақ халқының даңқты батыры Райымбек атамыздың 300 жылдық мерейтойы өткен еді. Сол кезде Үкімет Басшысының орынбасары болған Ахметжан Есімов Алматы қаласында Райымбек батырға ескерткіш орнату жөнінде шешім қабылдаған болатын. Алайда ол жер мәселесіне байланысты кейінге шегеріліп келген еді. Бұл шаруа Алматы қаласының әкімі Ахметжан Смағұлұлының араласуымен 7 жылдан кейін жүзеге асып отыр», — дейді С. Үмбетов. Оның айтуынша, даңқты қолбасшының еңселі ескерткіші өзінің есімімен аталатын Алматы даңғылында бой көтеруі жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде жасалған үлкен мұра болып табылады.