Оны HSBC банк, Азиалық регби одағы (ARFU) және Қазақстанның ұлттық регби қауымдастығы (KNRA) ұйымдастырып отыр. Бұл қазақстандық регбишілер үшін аса жауапты кездесу болмақ. Өйткені олар бұл сында қарсыласынан басым түссе Жоғарғы лигадағы өз орнын сақтап қалады, ал жеңіліс тапса одан кейін төменгі лигаға түсіп қалуы мүмкін. Олар бұған дейін 11 мамырда Дубайда БАӘ құрамасына 31:46, ал 28 сәуірде Алматыда Жапония құрамасына 0:87 есебімен жеңіліп қалған болатын. Жалпы құрлықтың үздік бес командасы арасындағы Азия кубогы додасы 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін біздің олимпиадалық команда үшін алғашқы саты болмақ.