Алматыда ресейлік мәнерлеп сырғанаушылардың қатысуымен қайырымдылық концерті өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ресейлік мәнерлеп сырғанаушылардың қатысуымен қайырымдылық концерті өтті

Алматыда ресейлік мәнерлеп сырғанаушылардың қатысуымен қайырымдылық концерті өтті

Кеше Алматыда "Мұз және жалын" атты жобасымен әлемге белгілі ресейлік мәнерлеп сырғанаушылардың қатысуымен "Шын жүректен" атты қайырымдылық концерт өтті. Б.Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен аталмыш акция Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды.

  • 2 Маусым 2011
  • 583
Фото - Caravan.kz

Шараның ұйымдастырушысы — Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Казтурборемонт», «GAZPROM GERMANIA», «TAK GROP», «LPG distribution» және «Fitnation»компанияларының демеушілігімен Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мейірім» оңалту орталығы.

Мерекелік шоуға 1700 «Мейірім» оңалту орталығының, «Алматы» спорт кешенінің және мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін «Спешл Олимпикс» ұйымының балалары арнайы шақырылды. Балалар мен қазақстандық көрермендерге тұңғыш рет «Мұз және жалын» шоуы ұсынылды.

Концертте Әлем және Еуропа чемпионы, «Мұз және жалын» атты жобасының продюссері Илья Авербухтың жетекшілігімен Ресейдің ең мықты деген мәнерлеп сырғанаушылары мен өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Атап айтқанда, олимпиада чемпиондары Алексей Ягудин, Татьяна Навка, Роман Костомаров, Татьяна Тотмянина, Максим Маринин, Әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегерлері Маргарита Дробязко, Повилас Ванагас, Руслан Гончаров, Әлем және Еуропа чемпиондары Мария Петрова, Алексей Тихонов, екі дүркін әлем чемпионы Максим Ставиский, кәсіпқойлар арасында Әлем чемпиондары Елена Леонова, Андрей Хвалько, Ресейдің чемпионы Евгений Кузнецов, мұз акробатикасының Әлем чемпиондары Владимир Беседин, Алексей Полищук және өнер жұлдыздары Марат Башаров, Елизавета Арзамасова, Алексей Воробьев, Светлана Светикова қатысты. Шарада сонымен қатар, қазақстандық танымал актриса Линда Нығматулина да өнер көрсетті.

«Біз әдейі бұл шараны Халықаралық балаларды қорғау күніне арнап өткізіп отырмыз. Акцияны өткізудегі мақсатымыз — қоғам назарын мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне аударту, балаларға осындай концерт өткізу арқылы қуаныш сыйлап, көмек көрсету болып табылады, өйткені концерттен түскен қаражат сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын болады. Бұл орайда, қайырымдылық шараға демеушілік көрсеткен компанияларға және тегін өнер көрсетугі ұсынысын білдірген Илья Авербухпен оның ұжымына алғысымды білдіремін»,-деді Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мейірім» оңалту орталығының директоры Ләззат Жакенова.

«Біз өзіміздің жобамыз арқылы көптеген қайырымдылық акцияларға қатысып тұрамыз, ал Қазақстандағы қайырымдылық шараларға бұл тұңғыш рет қатысуымыз. Бала біздің өміріміздің мәні. Сондықтан үлкен қуанышпен, шын ниетпен олар үшін өнерімізді көрсетуге ұсынысымызды бердік. Біздің өнеріміз балаларға қуаныш сыйлап, түскен қаражат арқылы емделулеріне ықпал етіп жатса біз өте қуанышты болар едік»,-деді Илья Авербух.

«Біздің компания балалардың мәселесіне қатысты жағдайлардан ешқашан тыс қалмайды. Сондықтан да, біз әрқашан балаларға көмек көрсетіп, дамуына, қоғамнан өз орнын алуына көмектесудеміз. Бала әр ата-ананың көз қуанышы емес пе?! Егер үйде емделмейтін, не кеселдің ауыр түрімен ауыратын бала болса, ол ата-ана үшін, бала үшін де үлкен қасірет. Соны түсіне отыра компания көмектесуді ұйғарып, бұл қайырымдылақ акцияға бей-жай қарай алмады»,-деді демеушілердің бірі, «Казтурборемонт» компаниясының бас директоры Асхат Усеров.

Қайырымдылық концерт өте жоғары дегейде өтті, залда ине шаншар жер болған жоқ. Қазақстандық көрермендер шоуды ыстық ықыласпен қабылдады.

Соңғы жаңалықтар