Алматыда ресейлік мемлекеттік Ұлттар театрының гастрольдік сапары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ресейлік мемлекеттік Ұлттар театрының гастрольдік сапары басталды

Алматыда ресейлік мемлекеттік Ұлттар театрының гастрольдік сапары басталды

Бүгін Алматыда Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында халық әртісі, РФ Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері Евгений Мироновтың

  • 17 Ақпан 2012
  • 463
Фото - Caravan.kz

көркемдік жетекшілігімен ресейлік мемлекеттік Ұлттар театрының гастрольдік сапарлары басталды.

19 ақпанға дейін өтетін гострольдік сапар барысында театр Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында екі қойылым қоятын болады. Олар — Николай Карамзиннің повесі бойынша қойылған «Бедная Лиза» хореографиялық новелласы және әлемге танымал режиссер Алвиса Херманистің «Рассказы Шукшина» атты қойылымы.

Спектакльдерде Ресейдің танымал әртісі, «Современник» театрының жетекші актрисасы, театр өнері Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Золотая маска», «Кумир», «Чайка» сынды сыйлықтардың иегері Чулпан Хаматова, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Ресейдің халық әртісі, екі мәрте мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евгений Миронов, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, «Золотая Маска» сыйлығының лауреаты Алла Сигалова сынды сахна шеберлері, сондай-ақ, Андрей Меркурьев, Юлия Свежакова, Юлия Пересильд, Наталья Ноздрина, Александр Гришин сынды талантты жас актерлер ойнайтын болады.

Перейти к новостям спорта