Алматыда ресейлік театр мамандарының шеберлік сыныптары өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ресейлік театр мамандарының шеберлік сыныптары өтіп жатыр

Алматыда ресейлік театр мамандарының шеберлік сыныптары өтіп жатыр

Бүгін Алматыда «Театрлық режиссураның жаңа тәсілдері» атты театр өнері қайраткерлерінің ХІ республикалық практикумы аясында ресейлік театр мамандарының шеберлік сыныптары өтіп жатыр.

  • 12 Сәуiр 2011
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бүгін мәскеулік мамандар театрдың «саунд драма» деген жаңа формасын қазақстандық актерлерге үйретуде. Бұл форма көбіне қозғалысқа, қимыл-әрекетке құрылған.

«Кешеден бері әр түрлі тренингтер өтіп жатыр. Жалпы, бұндай дәрістер бізде жылда өтіп тұрады. Осы жолғы сыныптың ерекшелігі — музыкамен байланыстылығында және өлшем ырғақтың үш түрі- жәй, жедел, өте жедел-тез жаттығулар жұмыстарына дауыстарын қоса отырып күрделі тренингтерге көшуінде жатыр. Бұл дәрістер актерларға, режиссерлерге өте қажет, пайдалы дүние», -деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Қуанышбаев атындағы Астана театрының режиссері Оразбеков Әлімбек.

Іс-шараны ұйымдастырушылар — ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті мен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ы.

Перейти к новостям спорта