Алматыда республикалық театр фестивалі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда республикалық театр фестивалі ашылды

Алматыда республикалық театр фестивалі ашылды

Дүйсенбі күні кешқұрым Алматыда ХІХ республикалық театр фестивалі ашылды.

  • 26 Қыркүйек 2011
  • 614
Фото - Caravan.kz

Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің дүйсенбідегі ақпарына қарағанда, тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған ХІХ театр фестиваліне қатысатын республикалық және облыстық театрлар «отансүйгіштікке бағышталған, жаңа Қазақстанның келбетін ашатын үздік қойылымдарын» сахналайды.

«Қойылымдардың басым бөлігі Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында сахналанбақ», — делінген хабарламада.
Атап айтсақ, 27-қыркүйек күні Астана Жастар театрының «Меккеге барар жол», Қ.Қужамьяров атындағы мемлекеттік ұйғыр театрының «Гүлдесте», М.Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театрының «Восхождение на Фудзияму» атты қойылымдары қойылмақ.
28-қыркүйекте көрермен назарына Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының «Перзентхана» қойылымы, республикалық Корей музыкалық комедия театрының «Дорожка феи в саду» қойылымы, Шығыс Қазақстан облысының Ф.Достоевский атындағы орыс драма театрының «Отырардың күйреуі» спектаклі ұсынылады.
Фестивальдің жабылу салтанаты қыркүйектің 30-ында өтеді.
Әділқазылар «Ең үздік қойылым», «Ең үздік режиссерлік жұмыс», «Ең үздік драматургиялық шығарма», Қазақ драматургиясын игергені үшін», «Ең үздік әйел рөлі», «Ең үздік еркек рөлі», «Екінші пландағы ең үздік әйел мен ең үздік ер адам рөлі», «Көрермендер көзайымы», «Үміт» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Перейти к новостям спорта