Алматыда РФ Кеден кодексінің тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда РФ Кеден кодексінің тұсаукесері өтеді

Алматыда РФ Кеден кодексінің тұсаукесері өтеді

5-наурызда Алматыда Кедендік бақылау агенттігінің Алматы қалалық департаментінің жанындағы Консультативтік кеңестің "РФ Кеден кодексінің тұсаукесері" тақырыбындағы отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Кедендік бақылау агенттігінің Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Наурыз 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Шараға ҚР кеден қызметінің жанындағы РФ кеден қызметі өкілдігінің жетекшісі, генерал-майор Эрнест Бахшецян, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қазақстандық сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар мен аккредитациялы журналистер қатысады.

Бұған дейін Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің кедендік қызметтерінің өзара ықпалдастығын үйлестіру кеңесінің отырысы өткен. Жаңа Кедендік кодексті РФ Мемлекеттік кеден комтитетінің Қазақстандағы өкілдігінің бас маманы Виктор Холичев таныстырды. Оның айтуынша, жаңа заңнаманың дүниеге келуіне сыртқы экономикалық байланыстардың сапасы мен сипатының түбегейлі өзгеруі ықпал етті. Жаңа кеден кодексін қабылдаудың қажеттігі мен оның уақытын дәл тапқандығын атап өткен В.Холичев осы орайда құжатты пайдалану тәжірибесі Ресейлік және Қазақстандық кеденшілердің , сондай-ақ, сыртқы экономикалық алыс- беріске қатысушылардың арасында кең көлемді түсініктеме жұмыстарын талап етіп отырғанын айтты.
Сыртқы экономикалық алыс- беріске қатысушыларға Ресейдің жаңа Кеден кодексінің нормаларына қатысты түсініктеме сұраған өтініштері мен пікір-ұсыныстарын Қазақстандық және Ресейлік кедендік мекемелерге тапсыруға нұсқау берілді.

Соңғы жаңалықтар