Алматыда Роботтар фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
0 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Роботтар фестивалі басталды

Алматыда Роботтар фестивалі басталды

Бүгін Алматы қаласында робототехника саласындағы ірі аймақтық іс-шаралардың бірі - Роботтар фестивалі Daryn FIRST Qualifier 2026 басталды

  • 5 Қаңтар
  • 5
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фестиваль оқушылардың инженерлік ойлауын, бағдарламалау дағдыларын, жобалық және командалық жұмыс мәдениетін дамытуға бағытталған.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Сайыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған сайысқа 200-ге жуық команда, 1500-ден астам оқушы қатысып жатыр. 

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Daryn FIRST Qualifier 2026 — оқушылар үшін тек жарыс алаңы ғана емес, STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) бағытындағы білімді дамытуға, тәжірибе алмасуға және жасөспірімдердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға арналған маңызды алаң.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Үш күнге созылатын сайыстың қорытындысы бойынша үздік командалар FIRST бағдарламасының келесі кезеңдеріне жолдама алады.