Алматыда Royal Tulip қонақ үйінің қасындағы жол-көлік апатына себепкер болған жүк көлігі жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған – жол полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Royal Tulip қонақ үйінің қасындағы жол-көлік апатына себепкер болған жүк көлігі жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған – жол полициясы

Алматыда Royal Tulip қонақ үйінің қасындағы жол-көлік апатына себепкер болған жүк көлігі жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған – жол полициясы

Жұма күні кешке Алматыда Достық даңғылында Royal Tulip қонақ үйінің қасында жеке меншік Audi мен қалалық бағыттардың DAEWOO мен Yutong автобустарының қатысуымен жол-көлік апатын (ЖКА) тудырған HOWO жүк көлігінің жүргізушісі ЖКА кезінде өткір жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігінен есінен танып қалған, деп хабарлады агенттікке Алматы ІІД жол полициясындағы дереккөз.

  • 25 Шiлде 2011
  • 860
Фото - Caravan.kz

«Сот-медициналық сарапшының қорытындысына сәйкес, HOWO ZZ 3251 жүк көлігін басқарған Алматы облысы Талғар ауданының 26 жасар тұрғыны апат кезінде өткір жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен ессіз күйде болған», — деп хабарлады дүйсенбі күні жол полициясындағы дереккөз.

Полиция өкілінің айтуынша, 2 адамның қазасына алып келген ЖКА фактісі бойынша ҚР ҚК 296 бабының 3 бөлімі бойынша (көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың абайсыздықта екә немесе одан көп адамның өліміне алып келген жолда жүру және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөздердің айтуынша, іс ЖКА себепкерінің қазасына байланысты тоқтатылуы мүмкін екенін айтты.

Бұрын хабарланғандай, Медеу ауданында Достық даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан HOWO жүк көлігі Оспанов көшесімен қиылысқа жақын жерде тұрған Audi көлігімен соқтығысқан. Соққыдан жүк көлігі аударылып, инерция күшімен аялдамада тұрған 141-ші бағыттағы DAEWOO ВS090 және 29-шы бағыттағы Yutong ZK6120 автобустарына барып соғылған.

Сондай-ақ, қатты соққыдан тежегіші босап кеткен DAEWOO аялдамада тұрған жас жігітті қағып кеткен, ол ішкі мүшелерінің зақымдануынан қаза болды.

Алматыда Достық даңғылында Royal Tulip қонақ үйінің қасындағы ЖКА салдарынан Горная көшесімен төмен қарай келе жатқан автокөліктер жүре алмай қалды.

Алматы ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Арман Сарбасов сенбі күні апатқа ҚХР-да шығарылған HOWO жүк көлігіндегі техникалық ақау себеп болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар