Алматыда Салидат Қайырбекованың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа отырысы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Салидат Қайырбекованың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа отырысы болып өтті

Алматыда Салидат Қайырбекованың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа отырысы болып өтті

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа отырысы болып өтті,

  • 1 Шiлде 2011
  • 395
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

2011 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен жиынның хаттамасына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыстарды жалғастыру тапсырылған. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласы әкімдігімен келісе отырып, Іс-шаралар жоспарын («Жол картасы») қабылдады.

Осыған орай жиында Алматы қаласы тұрғындарына кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, жүйке және нашақорлық дертіне шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсететін бейінді қызметтердің проблемалары мен оларды шешу жолдары, сонымен қатар қан қызметі және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің жұмысы қарастырылды.

Ағымдағы жылы қалада бала туудың тұрақты жоғары деңгейі (1000 тұрғынға 27,2), алматылықтардың табиғи өсімі (1000 тұрғынға 18,6) қамтамасыз етілді. 2011 жылдың 5 айы ішінде ана өлім-жітім деңгейі (100 мыңға шаққанда 27,3-тен 21,0 дейін) және бала өлім-жітімі көрсеткіші (100 мыңға шаққанда 17,1-ден 16,6-ға дейін) төмендеді.

Алматы қаласында стационарлық жәрдем көрсететін 40 медициналық ұйым және стационарды алмастыратын 55 ұйым кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі бойынша қызмет көрсетеді.

2011 жылы Алматыда стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көлемін қаржыландыру көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 59% артты (2009 жылы 8,3 млрд. теңге болса, 2011 жылы 13,2 млрд. теңгеге жетті). Жалпы республикалық және ведомствалық емханаларды қоса есептегенде бұл көрсеткіш 22,9 млрд. теңгені құрайды.

10 жылдың ішінде кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін қаржыландыру 12,2 есеге ұлғайды.

Көшпелі алқа отырысының қорытындысында тұрғындарға көрсетілетін кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемінің сапасын және қолжетімділігін әрі қарай арттыру мақсатында әлеуметтік маңызды ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуде денсаулық сақтаудың бейінді салаларының қызметтерін жетілдіру жөнінде қаулылар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар