Бұл туралы қалалық мемлекеттік кіріс басқармасына сілтеме жасай отырып, Patrul.kz хабарлады.
Борышкерлердің көліктері сот шешімдері бойынша айып тұрақтарына қойылады. Ескерте кетейік, бұл санатқа көлік салығын бірнеше жылдар бойы төлемегендермен бірге 2016 жылға да қарыздар болып қалған азаматтар жатады.
Салықшылардың мәлімдеуінше, оңтүстік астанамыздың тек Медеу ауданы бойынша сот органдары 370 млн.теңгеден көп сомаға көлік салығы бойынша берешектерді өндіріп алу туралы мыңнан астам бұйрық шығарды. Қазіргі таңда борышкерлердің 250 көлігі айып тұрақтарына қойылған, қалғандарын айдың соңына дейін реттейтін болады. Сосын олар ірі шаһардың басқа да аудандарына кіріседі. Салық төлемейтіндерді олар қала көшелерінде жүргізетін рейдтер барысында, сонымен қатар тұратын мекен-жайлары бойынша қолға түсірмек.
Оның үстіне, салықшылар төмендегідей әсерлі шараларға да жүгінеді: елімізден шет елдерге шығуын шектеу, жүргізуші куәлігінің жарамдылығын тоқтату, мүлікке және банктік салымдарға тыйым салу. Яғни, салықшылар белсенді түрде жұмыс атқаруда. Сондықтан, МКБ мамандарының кеңесіне құлақ түрсек, азаматтарға ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін көлік салығына қатысты берешектерін төлеп қойған абзал.
Айта кетейік, Алматыдағы айып тұрақтары мына жерлерде орналасқан:
№ 1 — Сейфуллин даңғылы (Рысқұлов даңғылымен қиылысы)
№ 2 — Бродский көшесі, 63
№ 3 — Бұқтырма көшесі, 3-аэропорт,
№ 4 — Жансүгіров көшесі (Рысқұлов даңғылымен қиылысы)
№ 5 — Саин көшесі (Райымбек даңғылымен қиылысы)
№ 6 — Райымбек даңғылы (Саин көшесімен қиылысы)