Алматыда самокат тебуге тыйым салынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда самокат тебуге тыйым салынуы мүмкін

Алматыда самокат тебуге тыйым салынуы мүмкін

Мәслихаттың кеңейтілген отырысында электросамокаттар, мопедтер және электробайктар мәселесі қаралған болатын

  • 9 Қыркүйек
  • 8
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов қалада самокаттарды жалға беруді толығымен тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәслихаттың кеңейтілген отырысында электросамокаттар, мопедтер және электробайктар мәселесі қаралған болатын. Сол кезде депутат Бейбіт Құсайынов нақты талаптар орындалғанға дейін электросамокаттарға уақытша шектеу енгізуді ұсынды.

«Арнайы тұрақтар орнатылмайынша, қауіпсіз веложолақтар жасалмайынша және жалға беру және жүргізу ережелері қабылданбайынша электросамокаттарды уақытша тоқтату қажет. Тек осылай біз қаланы баршаға ыңғайлы әрі қауіпсіз ете аламыз», — дейді Құсайынов.

Оның айтуынша, самокаттардың жылдамдығы реттелмейді. Оған қоса, тротуарларда және жол бойында қалай болса солай тастап кетеді.

«Бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді. Мен өзім қаланы жаяу аралағанды ұнатамын, бірақ көбінесе артыманан жүйткіп өткен самокаттар қарапайым серуенді қауіпті жағдайға айналдырады», — деді депутат.

Перейти к новостям спорта