Алматыда «Самұрық» Қазақстан ұлттары театрының алғашқы қойылымы көрермен назарына ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Самұрық» Қазақстан ұлттары театрының алғашқы қойылымы көрермен назарына ұсынылды

Алматыда «Самұрық» Қазақстан ұлттары театрының алғашқы қойылымы көрермен назарына ұсынылды

Бүгін Алматыдағы Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрында «Самұрық» Қазақстан ұлттары театрының жаңа «Бақыт құсы» деп аталатын қойылымның премьерасы болып өтті.

  • 31 Наурыз 2011
  • 603
Фото - Caravan.kz

Спектакль танымал жазушы, драматург Дулат Исабековтың пьесасы бойынша қойылған. Лирикалық драмадан тұратын қойылым бүгінгі заманғы мәселелерді философиялық терең тұрғыда көрсете отырып, бас кейіпкерлердің отансүйгіштігін, тұрып жатқан жерлеріне деген махаббатын, Отанын құрметтейтіндігі жайында баяндайды. Қойылымның негізгі ойы — бір ел- бір тағдыр, халықтардың достығы мен бірлігі.

Қойылым қазақ және орыс тілінде қатар жүреді. Онда М.Әуезов, Лермонтов, ұйғыр, корей театрларының әртістері және Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері ойнайды, бір сөзбен айтқанда кейіпкерлерді әр ұлттың өкілдері сомдайды.

«Даму үстіндегі ел болғандықтан, біз де өнер саласында артта қалмауымыз қажет. Әртістер өз арамызда ақылдаса келе, неге елімізде халықтар театрын ашпасқа, еліміздегі 130-дан аса ұлттардың «ауызбіршілікте» өмір сүріп жатқанын, халықтар достығын көрсетпеске дедік. Дүниежүзінде осы сынды бірнеше театр бар, бірақ түркі тілдес халықтар арасында, Орталық Азияда, елімізде осындай жанрда ашылып жатқан бірінші театр. Оның ерекшелігі — қойылымдар бірнеше тілде жүретіндігінде. Бұл театр мемлекеттік емес, қоғамдық театр. Сондықтан, көбіне театрда бүгінгі заманғы қоғамдық өмірдің даму жолын көрсететін қойылымдар көрсетілетін болады»,-деді театрдың көркемдік жетекшісі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Перейти к новостям спорта