Алматыда сән апталығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сән апталығы басталды

Алматыда сән апталығы басталды

10 жылдан бері сән сахнасынан түспеген отандық дизайнерлер талғамы жоғары тұтынушылардың назарына жаңа топтамаларын ұсынбақ. Жиналған қауым қазақстандық сәнгерлермен қатар, Грузия, Италия, Польша және Ресейден келген дизайнерлердің еңбегін тамашалай алады.

  • 17 Сәуiр 2015
  • 236
Фото - Caravan.kz

Жаңа сән үлгілерін жібермейтін талғампаз жандардың назарына бұл жолы биылғы жылдың күз-қыс мезгілдеріне арналған топтамалар ұсынылды. Мұнда әдеттегідей, әйелдердің әдемі көйлегінен бастап, түрлі үлгідегі сырт киімдер де бар. Қой жылында көгілдір және сүт түсті киімдер сәнге айналмақ. Сондай-ақ, Алматы мен Астананың суреті бейнеленген шүберектер отандық брендке айналуы мүмкін. Бір аптаға созылатын шарада «шоу-рум» жұмыс істеп тұр.  Әдемі әрі ыңғайлы киім үлгілерін таңдап алуға  мүмкіндігіңіз зор. Ал 24 сәуірде Сән апталығы Астанада ашылады.