Алматыда сән саласындағы гранттар бойынша байқау жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сән саласындағы гранттар бойынша байқау жарияланды

Алматыда сән саласындағы гранттар бойынша байқау жарияланды

Алматыда Kazakhstan Fashion Institute (KFI) ұйымы қаланың өңірлік кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен

  • 12 Тамыз 2015
  • 563
Фото - Caravan.kz

сән саласында тұңғыш рет білім грантын тағайындады. Ол «Be First» деп аталады.

Баспасөз мәслихаты барысында Kazakhstan Fashion Institute (KFI) ұйымының негізін қалаушы, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Жанель Бертаева бұл бастаманың әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталғандығын жеткізді. Оның айтуынша, осы жоба аясында 20 адам қазақстандық және халықаралық сарапшылар — стилистер, дизайнерлер және сән саласында қызмет атқаратын басылымдардың бас редакторларының жетекшілігімен бір айлық курс оқитын болады.

«Курс бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Бұл сән саласында жұмыс істегілері келетін, бірақ арнайы білімдері жоқтарға — fashion styling, өз ісін ашқысы келетіндер, мысалы өз брендімен киім немесе журнал шығарғысы, франчайзинг бойынша дүкен ашқысы келетіндерге — Fashion business, жобалаудан бастап, сән апталығында көрсетуге дейінгі барлық үдерістермен айналысқысы келетіндерге, яғни табысты бизнес құру негізі бойынша — fashion design секілді бағыттар қарастырылған», — деді Ж. Бертаева.

Оның айтуынша, сән саласында өз ісін ашқысы келетін, 18 жасқа толған ең белсенді нәзік жандылар грант иегері бола алады.


Сонымен қатар, жобаға қатысушылар KFI сертификатын алып, Mercedes Benz Fashion Week Almaty сән апталығында тағылымдамадан өтеді.

Өтінімдерді тамыз айының аяғына дейін мына поштаға жолдауға болады: kfibefirst@gmail.com

Соңғы жаңалықтар