Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ашылады

Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ашылады

Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін, 25-шілдеде қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма бастығы Виталий Шеянов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

  • 25 Шiлде 2003
  • 814
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазір Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы ҚР-ның санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы ахуал туралы заңына сәйкес қайтадан құрыла бастаған. Ендігі жерде Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызметкер деген мәртебеге ие болады.

«Ал басқарманың бақылау-қадағалау функциясын атқармайтын қызметкерлері Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы деген жаңа қызметке ауыстырылады»,- деп хабарлады В.Шеянов. Оның айтуынша, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлер санатына қосылғаннан кейін жалақылары 30 процентке артып, мәртебесі жоғарылайтын болады.
Бүгінгі жағдаймен Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлері тестілеу шарасынан өтті. Екінші кезекте олармен көзбе-көз әңгіме өткізіледі. Басқарма қызметкерлері 2003-жылдың 10-тамызынан бастап мемлекеттік қызметкер мәртебесіне толыққанды ие болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар