Бұл туралы бүгін Алматыда өткен сауда-экономикалық ықтымақтастық жөніндегі Қазақстан-ауған үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.
«Қазақстандық нарық пен экономиканың түрлі саласындағы мол мүмкіншіліктер де ауғанстандық кәсіпкерлер үшін қызығушылық тудырады. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметі арасында инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылатын болады», — деді ол.
Отырыс аясында Алматыдағы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы нысандарына, жоғары оқу
орындарына бару жоспарланған.
Қазақстан тарабынан алқалы жиынға Сыртқы істер, Білім және ғылым, Экономикалық даму және сауда, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сонымен қатар ірі қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысуда.
Үкіметаралық комиссия отырысы 27 қыркүйекке дейін жалғасады.