Алматыда саудагерлер сот орындаушыларына тегеурінді қарсылық көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда саудагерлер сот орындаушыларына тегеурінді қарсылық көрсетті

Алматыда саудагерлер сот орындаушыларына тегеурінді қарсылық көрсетті

Бүгін Алматыдағы «Алатау» базарында да айғай-шу! Мұнда саудагерлер алтын павильонын жабуға келгендерге қарсылық көрсетті. Сауда орнында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған екен. Ескертуді де басшылығы елемепті. Сондықтан бүгін сот орындаушылары павильонды уақытша жабуға келген болатын.

  • 26 Қыркүйек 2015
  • 473
Фото - Caravan.kz

Арнұр Бақберген, сот орындаушысы:

-Сейсенбі күні келіп біз ескертпе жасап, әкімшілікке қағаз бәрін қалдырып кеткенбіз. Мына кісілерге ескертсін деп.

Базарда өрт сөндіретін жабдық та, дабыл қондырғысы да жоқ. Бұған қоса, өрт сөндіру машиналарының өтуі мүмкін емес. Құтқарушылар бірнеше ай бұрын талапқа сай келмейтін базардағы олқылықтарды қалпына келтіру керектігін ескерткен. Бірақ, базар басшылығы сол күйі ешқандай шара қолданбапты. Сондықтан сот орындаушылары бүгін есікті сыммен бұрап, 2 айға жауып тастады. Осы уақыт ішінде «Алатау» әкімшілігі кемшіліктердің бәрін түзетуі керек. 300 саудагер айқайға басып, шешімге қарсылық көрсеткенімен, ақыры алтындарын сөмкеге салып алып кетуден басқа амалдары қалмады.


Жүсіп Суанов, саудагер:

-Неге  халыққа жұмыс істетпейді?!Салық төлеп жатырмыз, бәрімізде касса аппараты. Жылына қанша миллион төлейміз. Ал, енді халық не істейді 2 ай бойы?!

Соңғы жаңалықтар