Алматыда саябақтар саны артып, қосымша веложолдар салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда саябақтар саны артып, қосымша веложолдар салынады

Алматыда саябақтар саны артып, қосымша веложолдар салынады

Алматыда саябақтар саны артып, қосымша веложолдар салынбақ! Шаһар билігі бұл ауқымды жобаға Нью-Йорк сынды бірқатар ірі қалалардың сәулетін жасаған архитекторлардың өзін тартып отыр. 

  • 5 Тамыз 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz

Жоспар бойынша, абаттандыру жұмысының бірінші кезеңі «Самал» ықшамауданында басталады. Мұнда 4 гүлзарлы саябақ, 3 шақырымды құрайтын веложол, 2 балалар ойын алаңқайы және ашық спорт кешені салынуы тиіс. Жасыл желекке де ерекше мән берілген. Тіпті мұнда шамдар мен қоқыс жәшіктері де ауыстырылады. Қала билігі осы ауданның өзіне бюджеттен 90 миллион теңге бөліп отыр. Ал жобаны даниялық сәулетші Ян Гейл әзірлеген екен.

Айдос Нұрлыбаев, Медеу ауданы әкімінің кеңесшісі:

— Бұл жоба әлемнің ірі қалаларының жобасына кірейін деп отыр. Өздеріңіз көргендей жұмыс басталып кетті. Аяқталу мерзімі 1-ші қыркүйекте.

Соңғы жаңалықтар