Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтеді

Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтеді

Алматыда жұма күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу құрметіне Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтеді, деп қала әкімшілігінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2011
  • 1509
Фото - Caravan.kz

Салтанатты гүл қою рәсіміне Алматының ішкі саясат басқармасының бастығы К. Мамытжанов, ҚР саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Ж. Ашуев, Қазақстан тарихшылары қауымдастығының төрағасы, профессор М. Қойгелдиев, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б. Қойшыбаев, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстары қатысады.

Сондай-ақ Алдматы әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстарымен кездесуі болады.

Әкімшіліктің хабарында атап көрсетілгендей, тәуелсіз Қазақстанда қабылданған алғашқы заңдардың бірі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң болды.

«Ресми мәліметтер бойынша, 1921-1954-ші жылдар аралығында бұрынғы Кеңестер Одағында жалпы сотталғандар саны 3 млн 777 мың болса, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген. Қазақстан кеңестік миллиондаған азаматтардың депортацияланған мекеніне айналды. Бүкіл ел бойынша, тоталитарлық режимнің жазалау жүйесіне 953 лагер мен қоныстар жұмыс істеді», — делінегн хабарда.

4 миллондай қазақты да осы сұрапыл шарпып өтті. 100 мыңнан астам отандастарымыз сатқын деп жарияланып, ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдары атылып, немесе лагерлердегі ауыр жұмыстарда қаза болды. Осылайша жоғарғы және орта білімі бар 25 мыңнан астам қазақстандық өлтірілді. «Бұл сол кездегі зиялылардың барлығы десе де боларлық», — делінген хабарда.

Дәл сол жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет, саясат элиталары атылды. Олардың арасында Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтырсынов, Абдулла Розыбақиев, Мағази Масанчи, Ілияс Жансүгіуров, Левон Мирзоян, Сакен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов және Жаханш Досмуханбетовтер болды.

Соңғы жаңалықтар