Алматыда сел салдарынан қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сел салдарынан қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратушы ұсталды

Алматыда сел салдарынан қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратушы ұсталды

Алматы полициясы сел салдарынан қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқан адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 4 Тамыз 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz


Әлеуметтік желілердің көмегімен сел қалдықтарын тазалау кезінде қаза тапқан 4 адамның табылғаны туралы көрінеу жалған ақпаратты таратушы Алматының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Ішкі істер департаменті аталған фактімен ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігімен (ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпаратты тарату) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сот алдындағы тергеуін жүргізді. Жедел-тергеу шараларының барысында шындыққа жанаспайтын мәліметтердің авторы анықталып, ол ұсталды. Аталған фактімен тергеу амалдары жалғастырылып жатыр», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар