Алматыда Семей өңірін сауықтыруға халықаралық көмек тарту мәселесі бойынша кеңес өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Семей өңірін сауықтыруға халықаралық көмек тарту мәселесі бойынша кеңес өткізіледі

Алматыда Семей өңірін сауықтыруға халықаралық көмек тарту мәселесі бойынша кеңес өткізіледі

10-ақпан, сейсенбіде Алматыда ҚР СІМ-нің бастамасымен және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Семей өңірін сауықтыруға халықаралық көмек тарту мәселесі бойынша кеңес өткізіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 561
Фото - Caravan.kz

Кеңеске Қазақстанда аккредитацияланған халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен елшіліктердің басшылары, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, еңбек және әлеуметтік қорғау, ауылшаруашылығы министрліктерінің , сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы мен Семей әкімшіліктерінің өкілдері қатысады.

ҚР СІМ-нен хабарлағынындай, Семей өңірін сауықтыру жөніндегі халықаралық бағдарламаны БҰҰ Бас Ассамблеясының 1997-жылғы 52-сессиясында Семей туралы бірінші резолюция қабылданғаннан кейін қазақстандық және халықаралық сарапшылар тобы жасап шығарған. Бағдарламаға аймақтағы экологиялық, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және денсаулық сақтау саласындағы тауқыметтерді шешуге бағытталған, құны 43 млн. доллар тұратын 38 жоба қамтылған. Халықаралық бағдарлама Семей өңіріндегі қиындықтарға орай 1999-жылы Токио қаласында өткен халықаралық конференцияда қаралды. Онда бірқатар халықаралық ұйымдар мен донор елдер жобаны қаржыландыруға міндеттеме жүктеп алған.
Мәселен, Жапония үкіметі Семей өңірінде бизнесті дамыту және кедейлікті азайтуға бағытталған БҰҰ Даму бағдарламасының жобаларын жүзеге асыруға 1 млн. доллар бөлді. Қазір БҰҰ Даму бағдарламасының Семейге арналған бағдарламасы аясында шағын гранттар жобасы, шағын несиелер беру жобасы мен аймақта шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету жобалары табысты жүзеге асырылуда.
ҚР СІМ-нен хабарлағанындай, БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-сессиясында «Қазақстандағы Семей өңірін экономикалық дамыту және аймақ экологиясы мен тұрғындар денсаулығын сауықтыру мақсатындағы іс-шараларды үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық» атты резолюция мен бас хатшының тағы да осындай тақырыптағы баяндамасы қабылданды. Бұл құжаттар Семей өңіріне көрсетілетін халықаралық көмекті күшейтуді көздейді.

Соңғы жаңалықтар