Алматыда «Сезім траекториясы» деп аталатын сурет көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Сезім траекториясы» деп аталатын сурет көрмесі өтеді

Алматыда «Сезім траекториясы» деп аталатын сурет көрмесі өтеді

Алматыда 15-26 сәуірде «ARTFOGLIO» галереясында «Сымбат» дизайн және технология академиясы жас оқытушыларының ұжымдық көрмесі болады.

  • 8 Сәуiр 2011
  • 588
Фото - Caravan.kz

Суретшілердің жаңа толқынын таныстыруға арналған бұл жобаға қатысушылар өз шығармасын көрермен назарына тұңғыш рет ұсынып отыр. Атап айтқанда олар — Арайлым Жаманбаланова, Анар Жексембаева, Самал Сейітова, Айжан Асылханова, Валентина Адмаева, Әсем Әбижанова, Бақытгүл Абдрамбаева, Сандуғаш Сарбасова, Замира Адаева және Нелли Хасанова.

Бұл көрмеге жас суретшілер әртүрлі жанрдағы және әрқилы техникадағы сан алуан туындыларын ұсынып отыр. Олардың арасында майлы, акрилді суреттер, тұскілем, кесте, жүннен жасалған сәндік бұйымдар, натюрморт, қала пейзаждары, абстрактілі және сюрреалистік картиналар бар. Онда әр суретші шарттылықтан еркін және өз ойын өз сезімімен берууге тырысады.

Перейти к новостям спорта